Қазақстан Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан өз азаматтарын эвакуациялады - СІМ

Қазақстан Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан өз азаматтарын эвакуациялады, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2025 16:46 Сурет: ҚР СІМ
Таяу Шығыстағы қарқынды шиеленіскен жағдайда Қазақстан Республикасы өз азаматтарын Иран Ислам Республикасының аумағынан эвакуациялауды жедел ұйымдастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үйлесімді жұмыс пен ведомствоаралық өзара іс-қимылдың жоғары деңгейінің арқасында Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі, құзыретті мемлекеттік органдары мен шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері 109 отандасымызды елге қайтарды.

Эвакуация өңірдің достас мемлекеттерінің аумақтары арқылы транзитпен жүзеге асырылды, атап айтқанда 89 адам Ираннан Түрікменстан арқылы және 20 адам Әзербайжан арқылы өтті. Барлық азаматтарға консулдық-құқықтық көмек көрсетілді және Отанға оралу үшін қажетті жағдай жасалды.

Сыртқы істер министрлігі Иран, Түрікменстан және Әзербайжан билігіне қазақстандықтардың бүкіл бағыты бойынша қауіпсіз және уақтылы өтуін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарған көмек пен нәтижелі өзара іс-қимыл көрсеткені үшін ризашылығын білдіреді.

Бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ деп хабарлаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: