Үндістанда қос пойыздың соқтығысуы салдарынан опат болғандар саны 70-ке жетті

Сурет: pixabay
Үндістанда жолаушылар пойызы мен жүк пойызының соқтығысуы салдарынан қаза тапқандар саны 70-ке жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

350-ден астам адам зардап шекті, деп жазады Press trust of India жергілікті билікке сілтеме жасап.

Оқиға жұма күні кешке Одиша штатындағы Баласор қаласының маңында болды. Алдын ала ақпарат бойынша, жүк пойызымен соқтығысқан Бангалор - Калькутта бағытындағы жолаушылар пойызының  бірнеше вагоны рельстен шығып кеткен. Олардың бір бөлігі паралелль жатқан темір жолдың бойына ұшқан, сол кезде оларға Калькуттадан Ченнайға бағыт алған "Коромандель экспресс" жүрдек пойызы келіп қадалады.

Төтенше жағдай орнында қараңғы түскеніне қарамастан құтқару операциясы әлі де жүргізіліп жатыр. Шенеуніктердің айтуынша, 350-ден астам адам бүкіл округтегі ауруханаларға жеткізілген, жақын маңдағы барлық жеке және мемлекеттік медициналық мекемелер төтенше жұмыс жағдайы қалпына келтірілген.

Бұған дейін аталған апат салдарынан 30 адам қаза тауып, 179 адам зардап шеккені хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек