АҚШ-та әлемдегі тілі ең ұзын ит табылды

Сурет: видеодан скриншот
Гиннестің рекордтар кітабының сарапшылары АҚШ-тың Луизиана штатында тұратын итті әлемдегі тілі ең ұзын ит деп таныды, оның тілінің ұзындығы – 12,7 сантиметр, деп деп хабарлайды Zakon.kz.

Лабрадор мен неміс овчаркасының қоспасы Зоуидің тілінің тұмсығының ұшынан тілінің ұшына дейінгі ұзындығын мал дәрігері өлшеген.

Зоуидің иелері Сэйди мен Дрю Уильямс итті ол небәрі 6 апталық болғанда асырап алғанын айтты. Олар оның тілі ерекше ұзын екенін бірден байқапты.

"Біз иттің өзі өсетін шығар деп ойладық, бірақ олай болмады. Оның тілі денесімен салыстырғанда әлі де үлкен". Сэйди Уильямс

Ерлі-зайыптылардың айтуынша, Зоуиді барлық көршілер жақсы көреді. Серуенге шыққанда бәрі осы ерекше итті сипап, еркелеткісі келеді екен.

"Біз оларға алдын ала: "Ей, ол мейірімді, бірақ үстіңізді сілекейлеуі мүмкін" деп ескертеміз, анда-санда солай істейді, қара шалбарда сілекейдің үлкен ізі қалады". Дрю Уильямс


Ал екі жасар Перл деген чихуауа ресми түрде әлемдегі ең кішкентай ит деп танылды.

АҚШ
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін