Ресейде сидрдан уланғандар саны арта түсті

Сурет: Zakon.kz
Ресей қалаларында суррогат сидрдан уланғандар саны 101 адамға жетіп, 31 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, елдің әртүрлі аймақтарында суррогат сидрдан уланғандар саны 101 адамға дейін өсті. Қолдан жасалған сусыннан қаза тапқандар саны 31-ге жетті, деп жазды РИА Новости.

"Ресей Федерациясының субъектілерінде суррогат алкогольмен уланғандардың жалпы саны 101 адам, оның ішінде бес кәмелетке толмаған бала және бір жүкті әйел бар". Ресей Федерациясы денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Ондаған адам ауруханаларда емделіп жатыр. Оның ішінде төрт науқастың жағдайы өте ауыр, 24 адамның жағдайы ауыр.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараты бойынша, "АНДИ" ЖШҚ (Ресей Федерациясы) өндірген "Мистер Сидр" алкоголі аз сусыны Қазақстан аумағына әкелінбеген, есепке алу-бақылау маркасы берілмеген. 


Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін