Қытайдағы мейрамханада жарылыс болып, 31 адам қаза тапты

Сурет: Zakon.kz
Қытайдың Ниншя-Хуэй автономиялық аймағының астанасы Инчуань қаласындағы барбекю мейрамханасында газ жарылған. Кейінгі мәліметтер бойынша 31 адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай төрағасы Си Цзиньпин жараланғандарға көмек көрсетуді, тамақтану орындарындағы қауіпсіздік шараларын қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды Global Times.

Оқиғаны анықтау үшін арнайы топ құрылып, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіп жатыр.

Қоғамдық қауіпсіздік органдары 9 адамды, оның ішінде менеджерді, акционерлерді және операциялық персоналды бақылауға алды. Жергілікті билік мейрамхананың қасындағы үйлердің тұрғындарын жақын маңдағы қонақүйлерге уақытша көшірді.

Жарылыс кешкі сағат 20:40 шамасында Иньчуань қаласындағы Синцин ауданындағы адам көп жүретін көшеде барбекю мейрамханасының жұмыс алаңынан сұйытылған газдың ағуы салдарынан болды. Жарылыстан шыққан өрт сәрсенбі күні сағат 21:20-да сөндірілді.

Жарылыс салдарынан 38 адам зардап шекті. Оның 31-і, расталған дерек бойынша қайтыс болды. Қазір жараланғандардың жетеуі, оның ішінде біреуі ауыр халде емделіп жатыр.

Жеті жәбірленушінің екеуі орташа дәрежеде күйік алған. Екеуі жеңіл жарақат алды, екеуі шыны сынықтарынан жарақат алды.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі