Мәскеу мен Мәскеу облысында антитеррорлық операция режимі жойылды

Сурет: Zakon.kz
Мәскеуде және Мәскеу облысында 24 маусым күні енгізілген лаңкестікке қарсы операцияның режимі Вагнер ПМК-ның әскери көтерілісіне байланысты жойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ТАСС агенттігіне РФ Федералдық қауіпсіздік қызметінің департаментінен хабарлады.

Өз кезегінде Мәскеу мэрі Сергей Собянин Ресей астанасында "террорға қарсы операция режимін енгізуге байланысты барлық шектеу" алынып жатқанын айтты.

"1 шілдеде мектеп оқушыларына мектеп бітіру рәсімін өткіземіз. Мен москвалықтарға сабыр сақтап, түсіністік танытқаны үшін тағы да алғыс айтамын".Сергей Собянин

24 маусымға қараған түні Ростов облысында «Вагнер» ПМК мүшелері әскери бүлік шығаруға әрекеттенді. Бұл туралы әскери рота басшысы Евгений Пригожиннің хабарламаларынан кейін белгілі болды. Мәскеуде, Мәскеу және Воронеж облыстарында болуы мүмкін лаңкестік әрекеттердің жолын кесу үшін терроризмге қарсы операция режимі енгізілді.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз