Пригожин әскери бүлік басылғаннан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Сурет: видеодан алынды
Ростовтағы оқиғалардан кейін төбе көрсеткен "Вагнердің" негізін қалаушы Евгений Пригожин өзінің жеке әскери компаниясын таратқысы келгенін, осы жайт бүлікке түрткі болғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Евгений Пригожиннің баспасөз қызметі "Вагнер" ЖӘК басшысының "болған оқиғаларға қатысты" берген түсініктемесінің аудиосын жариялады.

Бұл Пригожиннің бүлік басылғаннан кейінгі жасаған алғашқы мәлімдемесі:

Пригожиннің айтуынша, "мұны қоғам талап етті. Шеру кезінде кездескен барлық әскери қызметші бізді қолдады".

ЖӘК басшысы бірінші шабуылдаушы жасақ Мәскеуге 200 шақырым қалғанда вагнершілердің кілт тоқтағанын баса атап өтті. Осы кезде олар аталған аймаққа барлау жүргізіп, көп қан төгілетінін білген. 

Осы уақытта Лукашенко байланысқа шығып, "Вагнер" ЖӘК-тің одан ары қарай заңды жұмыс істеу жолын табуды ұсынған.

"Біз 24 сағат ішінде 2022 жылы 24 ақпанда Ресей әскерінің Киевке дейінгі және сол нүктеден қалаға дейінгі қашықтыққа сәйкес келетін қашықтықты жүріп өттік, сондықтан егер 2022 жылы 24 ақпандағы арнайы операция бойынша ұрыс-қимылдарды "Вагнер" ЖӘК қатарындағыдай оқытылған, моральдық дайындық деңгейі жоғары бөлімше орындаса, онда, мүмкін бұл бір күнге ғана созылар ма еді". Евгений Пригожин

Ол жолға елдегі билікті құлату үшін шықпағанын баса атап өтті.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі