Димаштың канадалық жанкүйерлері балаларға қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

Сурет: Dimashnews.com
Канадалық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері ауыр дертке шалдыққан балаларға көмектесетін Make a Wish Canada қайырымдылық қорына қаражат жинау шарасын ұйымдастырды.

Қайырымдылық акциясын Dears from the Canada & Dimash фан-клубы Димаштың туған күніне орай ұйымдастырды.

Make a Wish Canada — өміріне қауіп төндіретін аурулары бар балалардың тілектерін орындауға арналған канадалық ұлттық қайырымдылық ұйым. 1983 жылы негізі қаланған уақыттан бері Make a Wish Canada 37 000-нан астам баланың армандарын орындады.


"Димаштың балаларға көмектесуге деген ниетінен шабыттанған елдің түкпір-түкпірінен келген Dears қайырымдылық көмекке үлкен қуанышпен үлес қосты. Осылайша, біз 1070 канадалық долларды (360 мың теңге) жинай алдық. Біз одан да көп балалар өз армандарын орындай алады деп үміттенеміз. Өйткені Үміт - сауығып кетудің кепілі", - деді Канада мен Димаш фан-клубының Dears жанкүйерлері.
Қазақстан
Канада

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды