Өзбекстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр

Сурет: uzlidep.uz
Өзбекстанда сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 8:00-де ашылып, жұмысын сағат 20:00-ге дейін жалғастырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өзбекстанның ОСК деректері бойынша, сайлаушылар тізіміне 19 млн 593 мың 838 азамат енгізілді, 14 округтік сайлау комиссиясы, 10 784 сайлау учаскесі құрылды. Шетелде жүрген өзбекстандықтар үшін 39 елде 56 сайлау учаскесі ашылды. Қазақстан территориясында, атап айтқанда  Астана, Алматы және Ақтау қалаларындағы Өзбекстанның дипломатиялық өкілдіктерінде сайлау учаскелері ашылды.

Сайлауға төрт үміткер қатысады. Экологиялық партия өз көшбасшысы Абдушукур Хамзаевты, Халықтық-демократиялық партия өз көшбасшы Ұлықбек Иноятовты, "Адолат" социал-демократиялық партиясы - Жоғарғы Сот төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Робахон Махмудовты, ал "Ұзлидеп" басқарушы партиясы - қазіргі президент Шавкат Мирзиёевті ұсынды, деп хабарлайды gazeta.uz.

Сайлауда жеңіске жету үшін үміткер 50 пайыздан астам дауыс жинауы керек. Дауыс берушілердің сайлауға келу шегі 33% құрайды. ОСК сайлаудың алдын ала қорытындыларын 10 шілдеде жариялайтынын хабарлады. 

Айта кетсек, бұл - Өзбекстанның жаңа Конституциясы күшіне енгеннен кейін өткізіліп тұрған алғашқы сайлау. Енді президенттік мерзім бес жылдан жеті жылға дейін ұзартылады. Өзбекстанның Ата заңын қайта қабылдау Республиканың қазіргі басшысы Шавкат Мирзиёевтің осы лауазымға қайта сайлануына мүмкіндік беріп отыр. 

Бұған дейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің Мемлекет басшысының мерзімінен бұрын сайлауы өткізілетінін жариялап, оның уақытын 2023 жылдың 9 шілдесі деп белгілегені хабарланған болатын.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс