АҚШ Қаржы министрлігінің мәліметінше, бұл шаралардың G7 елдері басшыларының 2023 жылдың 24 ақпаны мен 19 мамырында алған міндеттемелерін одан әрі орындау үшін қабылданғанын айтты.
"Бүгінгі іс-әрекеттер Ресейдің әскери әлеуетін, оның ұрыс даласындағы жеткізілімдерге қол жеткізуін және экономикалық пайдасын шектеуге бағытталған тағы бір қадам болып саналады. Ресей Украинаға қарсы себепсіз және қатыгез соғысын жалғастыра берсе, біз оны маңызды технологиядан және әскери өнеркәсібін қайта жабдықтау мүмкіндігінен айыру үшін санкциялар саламыз". АҚШ Қаржы министрінің орынбасары Уолли Адейемо
АҚШ-тың Қаржы министрлігі шетелде өндірілген электроника мен жабдықтарды импорттауды жалғастыру үшін ресейлік ұйымдар қолданатын ең көп таралған тактиканың бірі үшінші тарап делдалдары мен Ресей Федерациясынан тыс жүк тиеу базаларын пайдалану екенін атап өтті.
"Қырғызстанда орналасқан ұйымдар Украинаға толыққанды басып кіре бастағаннан бері Ресейге бақыланатын электроника компоненттері мен басқа да технологияларды жиі экспорттайды. Бұл жүктердің кейбірінде ресейлік қорғаныс секторындағы ұйымдарға арналған қос мақсатқа арналған сезімтал заттар болған". АҚШ Қаржы министрлігі
Санкциялар тізіміне Қырғызстанның мына компаниялары енгізілді:
- ОсОО RM Design and Development. Компания 2022 жылдың наурыз айында Қырғыз Республикасында құрылған, электронды және телекоммуникациялық жабдықтар мен қосалқы бөлшектерді сатады.
- "Прогресс Лидер" ЖШС. Ол да 2022 жылдың наурызында құрылған, негізінен электронды және оптикалық жабдықтармен, сондай-ақ компьютерлермен және тиісті жабдықпен айналысады.
- "ГТМЭ Технологии" ЖАҚ – Қырғыз Республикасында тіркелген компания, 2022 жылдың маусымында құрылған. Тантал конденсаторлары мен электронды интегралдық схемалар сияқты FinCEN-BIS қосымша ескертуіне енгізілген жоғары сұранысқа ие тауарларды қоса алғанда, Ресейге ондаған тауарлар жөнелткен.
- "Карголайн" ЖАҚ.Компания өткен жылдың наурыз айында құрылған және Қырғызстанда орналасқан.