"Қазақстан Ауғанстанмен ынтымақтасатынын ескере отырып, Талибан ұйымының Қазақстандағы мәртебесін өзгерте ме?" деп сұрады журналистер.
"Форумның атын немесе тақырыбын еске түсірейік. Ол неге арналды? Талибан мәртебесіне ме әлде басқа нәрсеге ме? Форум бизнеске арналса, бизнес мәселелері талқыланды. Іс-шара тәліптердің мәртебесіне арналса, халықаралық болар еді. Сауда министрлігінің мәліметінше, бұл тек кәсіпкерлердің қатысуымен өткен екіжақты бизнес-форум болды. Форумда келісімшарттарға қол қойып, үш күндік көрме өтті. Талибанның статусы өзгеріссіз қалады. Ауғанстанмен тек экономикалық қарым-қатынасымыз бар. Бұл біздің өндірушілер мен экспорттаушыларға тиімді", - деді СІМ өкілі.
Сонымен қатар журналистер ауған студенттері Қазақстанда оқитыны айтылғанын еске салды. "Бұл жақа қандай студенттер келеді, радикал бағыттағы студенттер келмей ме?" деп сұрады олар.
"Ауғанстан студенттері бізде бірнеше жылдан бері білім алып келеді. Арнайы бағдарламалар бойынша университет пен білім өз тарапымыздан. Ал оқу ақысы толықтай ЕО-дан. Бұл - толығымен еуропалық бағдарлама. Студенттер бізге жіберілмес бұрын тексеріледі, визаға құжат тапсырады. Қорқыныш негізсіз дер едім. Келетіндер – оқығысы келетін қарапайым студенттер", - деді Айбек Смадияров.
"Радикалдардың келмейтініне кепілдік беріле ме?" деген сұраққа Сыртқы істер министрлігінің өкілі "Мен ештеңеге кепілдік бере алмаймын" деп жауап берді.