Грузияның премьер-министрі Оңтүстік Осетияны бейбіт жолмен қайтаруға ниетті екенін мәлімдеді

Сурет: garibashvili.ge
Премьер-министр Ираклий Гарибашвили Грузия Абхазия мен Оңтүстік Осетия аумақтарын өз құрамына қайтаруға ниетті екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Гарибашвили Грузия бұған тек бейбіт жолмен қол жеткізетінін атап өтті.

"Үкіметіміз елдің аумақтық тұтастығын қалпына келтіру мен біріктірудің бейбіт жолын ұстанып келеді". Ираклий Гарибашвили

Сондай-ақ саясаткер 2008 жылғы оқиғадан бері 15 жыл өткенін тіле тиек етті. Оның айтуынша, бұл күннің ел үшін маңызы зор. Ол қақтығыс кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен әскери қызметкерлерді еске алды.

Қақтығыстан кейін Мәскеу Оңтүстік Осетия мен Абхазияның егемендігін мойындады. Грузия бұл аумақтардың тәуелсіздігін мойындаған жоқ әрі оны өз территориясы деп санайды.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады