Елімізде аялдау мерзімі бойынша Өзбекстан азаматтары көш бастап тұр. Көрші елдің туристері Қазақстанда 10 күнге дейін тоқтайды.
Ал Ресейлік туристер 6 күн, Беларусь азаматтары 5 күн, Германия туристері 4 күн болса, Қытай азаматтары елімізде 3,5 күн өткізеді екен.
"eQonaq жүйесі - елімізге келген туристер ағынын бақылау және талдау, орналастыру орындарының тізілімін құру және тағы басқа бірнеше маңызды функцияны орындайды. Басты мақсат - туристерге көрсетілетін қызметтердің ашықтығы мен сапасын арттыру. Жүйеге 3214 орналасу қызметін ұсынатын кәсіпкерлік нысаны тіркелген",- деді Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.