9 шетел азаматы Қазақстан арқылы Еуропаға заңсыз өтпек болған

Сурет: ҚР ҰҚК
Батыс Қазақстан облысында ҰҚК шекарашылары тоғыз адамды ұстады. Олар шекара асып, Еуроодақ елдеріне кіруге үміттенген, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 11 тамызда ҰҚК Шекара қызметінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің әскери қызметкерлері ҚР мемлекеттік шекарасын бұзушы тоғыз адамды ұстады. Шетелдіктер бақылау-өткізу бекетін айналып өтпек болған. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың түпкі мақсаты - Еуропалық Одақ елдеріне жету.

"17 тамызда Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының соты құқық бұзушыларды ӘҚБтК-нің 514-бабының 2-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартты", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, 2023 жылдың басынан бері БҚО-да шекарадан өту тәртібін бұзған 110 шетелдік ұсталған.

Тамыздың басында БҚО-да мемлекеттік шекараны бұзғаны үшін Қазақстанға турист ретінде заңды түрде ұшып келген және Қазақстан мен Ресей арқылы Еуропаға заңсыз өтпек болған бес шетелдік азаматтың ұсталғаны хабарланған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін