Габонда әскери төңкеріс болды

Сурет: видеодан алынды
Габонда бір топ әскерилер билік институттарының таратылғанын, Әли Бонгоның президенттіктен кеткенін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Euronews агенттігінің хабарлауынша, Әли Бонгоның қайта президент болып сайланғаны туралы ресми хабарламадан кейін бір топ әскери ұлттық теледидардың тікелей эфиріне шықты. Олар дауыс беру қорытындыларының жойылғанын, барлық мемлекеттік институттың таратылғанын мәлімдеді.

AFP мәліметінше, әртүрлі күш құрылымдарының өкілдері төңкеріс болғанын жариялады, олардың ішінде президент гвардиясы, ұлттық армия және полиция да бар. Олар Габон басшылығындағылардың жауапсыздығы "елді хаосқа ұшыратуы мүмкін" деп айыптады. Әскерилер бұл ретте Габон халықаралық міндеттемелерінен бас тартпайтынын атап көрсетеді.

Ел астанасы Либревильде атыс қаруының үні ауық-ауық естіледі. Шекаралардың жабылатындығы да жарияланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі