Оңтүстік Африка астанасындағы алапат өрттен 63 адам қаза тапты

Сурет: Zakon.kz
Оңтүстік Африка Республикасының астанасы Йоханнесбург қаласының орталығындағы бес қабатты ғимаратта болған өрттен кем дегенде 63 адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

CNN арнасының Йоханнесбургтің төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, өрт сөндірілді. Құтқару операциясы әлі де жалғасып жатыр. Әлеуметтік желіде өртеніп жатқан ғимараттың төбесінен үлкен қызғылт сары жалын атқылап жатқаны түсірілген видеолар тарады.

Қалалық құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Роберт Мулодзидің айтуынша, бес қабатты ғимаратты бірнеше жүздеген заңсыз қоныстанушылар (басқыншылар) басып алған. Йоханнесбург төтенше жағдайлар департаменті өрт бейсенбі түнгі 1:30 шамасында басталғанын және тез тарағанын хабарлады.

"Қазір өрттің себебі әлі зерттеліп жатыр. Йоханнесбург қаласының төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері зардап шеккен отбасыларға көмек көрсете бастады", - делінген қалалық төтенше жағдайлар қызметінің хабарламасында.
АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды