Қазақ-өзбек шекарасынан энергия ресурстарын өткізуге бақылау күшейтілмек

Сурет: gov.kz
Мәжіліс депутаттары бүгін жалпы отырыста Қазақстан-Өзбек кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен және электр беру желілері арқылы өткізілетін энергия ресурстарына бірлескен кедендік бақылауды ұйымдастыру туралы келісімді қабылдады.

Келісімнің мақсаты – Қазақстан-Өзбек кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен және электр беру желілері арқылы өткізілетін энергия ресурстарына бірлескен кедендік бақылауды ұйымдастыру. Енді елдер тәжірибемен және кеден саласындағы ұлттық заңнаманы бұзу фактілері туралы ақпаратпен алмаса алады. Хаттамада тараптардың кеден органдары балансында тұрған есепке алу тораптары көрсеткіштерін ай сайын алуды, сондай-ақ есепке алу аспаптарына салынған кедендік сәйкестендіру құралдарының тұтастығын, сәйкестендіру құралдарын жоюды/салуды тексеру көзделген.

Келісімге 2021 жылғы 6 желтоқсанда Астанада қол қойылды (06.05.2022ж. №ПП-236 Өзбекстан Республикасы Президентінің қаулысымен осы Келісім ратификацияланды). Келісімде Қазақстан-Өзбек кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен және электр беру желілері арқылы өткізілетін энергия ресурстарына бірлескен кедендік бақылауды ұйымдастыру көзделеді. Бұл:

Бұдан басқа келісімде энергия ресурстарын кедендік декларациялау және кедендік бақылау мәселелеріндегі өз қызметінің тәжірибесі туралы, анықталған фактілер және мемлекеттердің кеден істер саласындағы ұлттық заңнамасын бұзушылықтың анықталған фактілері және анықтау тәсілдері мен олардың жолын кесу туралы ақпаратпен алмасу көзделеді.

Қазақстан
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды