Тәжікстан Қазақстаннан ескі көліктер әкелуге тыйым салмақ

Сурет: Zakon.kz
Тәжікстан 2024 жылдан бастап елге ескі көліктерді әкелуге тыйым салады. Бұл тыйым Қазақстаннан келетін көліктерге де қатысты болмақ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан стандарттау және метрология институты Facebook парақшасында Тәжікстан 2024 жылдан бастап Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүше елдерден көлік әкелуге тыйым салатынын хабарлады. Тыйым Қазақстанға да қатысты болады.

Маңызды түсініктеме: Тәжікстанға тек 2013 жылға дейін шығарылған көліктерді апаруға рұқсат етілмейді.

"Тәжікстан ауаны ластаудың және адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтірудің негізгі көзі болып саналатын ескі көліктердің әкелінуіне, сондай-ақ ескі көліктер қалдықтарының (аккумуляторлар, дөңгелектер, кондиционерлер) айтарлықтай өсуіне жол бермеуге бағытталған қаулы дайындады. Қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді", – деп хабарлады Қазақстан стандарттау және метрология институты.

Тәжікстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

ЭЦҚ және жалған ЖК арқылы: Түркістан облысында бюджеттен 103 млн теңге қалай ұрланған

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді