Тұтқын Голландияда ұрланған Ван Гогтың картинасын табуға көмектесті

Сурет: wikimedia
Жеке детектив пен түрмеде жатқан тұтқын Нидерландыда Винсент ван Гогтың ұрланған картинасын табуға көмектеседі. Өнер туындысы Covid-19 індеті кезіндегі локдаунда мұражайда қолды болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
The Guardian газетінің жазуынша, "Өнер әлемінің Индиана Джонсы" атанған голландиялық детектив Артур Бранд сотталған қылмыскердің көмегімен Ван Гог картинасы жасырылған жерді тапты. Бұл ақпаратты Голландия полициясы растады.

"Нюэнендегі діни қызметкер бағы" (1884) картинасы 2020 жылы Амстердам маңындағы мұражайдан ұрланған. Картина Covid-19 індетіне байланысты жарияланған локдаун кезінде қолды болған: қылмыскер түн ортасында мұражайға әйнек есікті сындырып кіріп, картинаны ұрлап кеткен. 2021 жылы ұры ұсталып, сегіз жылға сотталды, бірақ картина сол күйі табылмады. Өнер туындыларын табуға маманданған детектив Артур Бранд картинаны іздеуге кіріскен.

Бранд қара базардан Ван Гогтың картинасын сатып алған қылмыскермен байланысқа шыққанын айтты. Картинаны сатып алған адам түрмеде болып шықты, ол жазасын жеңілдетсе, картинаның қайда екенін айтуға дайын екенін жеткізіпті. Детектив оған жазаны өтеу мерзімі қысқармайтынын ескертіп, тұтқынды ақыры картинаны беруге көндіріпті.

1884 жылы атақты суретші салған картина Артур Брандке "Икеяның" көк түсті сөмкесімен берілген. Оның түпнұсқа екені күмән тудырмайды, туынды көп ұзамай мұражайға қайтарылады.
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз