Мароккода жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 3 мыңға жуықтады

Сурет: X(Twitter)/@UKinMorocco
Мароккода болған жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 2 900-ден асты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Hespress газеті елдің ішкі істер министрлігіне сілтеме жасай отырып, зардап шеккендердің саны 5 530-ға жетті деп хабарлайды.

Алдында Мароккода 6,9 баллдық жойқын жер сілкінісі болғаны хабарланған болатын. Кейінірек соңғы 60 жылдағы ең ауыр жер сілкінісі салдарынан 2000-нан астам адам қаза тапқаны, тағы 2000-ға жуық адам зардап шеккені белгілі болды, деп хабарлады Марокко ІІМ.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Марракеш-Сафи облысында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты король VI Мұхаммедке көңіл айтты.

Мароккода үш күндік аза тұту күні жарияланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Алматыда ер адам бірге ішімдік ішкен танысын пышақтап кетті