Израильде діни жанжалдан кейін бес адам ұсталды

Сурет: pixabay
Израиль полициясы Иерусалимде болған діни негіздегі ірі жанжалға кінәлілерді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

CNN басылымының жазуынша, Израиль полициясы Иерусалимде діни шерумен кетіп бара жатқан христиан діні өкілдерінің аяғына түкірген бес ортодоксалды яһудиді ұстаған. Оқиға видеоға түсіріліп, артынша елде дінаралық жанжал шықты.

Бұл жағдайға байланысты Израильдің төрт азаматы қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін, тағы біреуі осы аптаның басында діни мақсаттағы шабуыл жасағаны үшін ұсталды. Ұсталғандардың бірі кәмелетке толмаған бала.

Келеңсіз жағдай болған Иерусалим монастырінің католиктік діни қызметкері Маттео әкей журналистерге кемінде он адам христиан қажыларының аяғына түкіргенін айтты. Кейбір яһудилер де намысқа тиетін сөздер айтқан. Бірақ діни қызметкер құқық бұзушыларға кек сақтамайтынын айтты.

"Адамдар жек көріп өсіп, жан дүниесімен басқаларды жақтырмайтын болса,бұл өздері үшін өте өкінішті болады", – деп түсіндірді діни қызметкер.

Иерусалим полициясы болған жайттымұқият тексеруге және жанжал тудырғандардың барлығын жазалауға уәде берді. Қалалық полиция басшысы Дорон Тургеман құқық қорғау органдары діндарларға қарсы арандатушылыққа жол бермейтінін атап өтті.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі