Пригожиннің өлімі: мәйіттерден граната жарықшақтары табылды

Сурет: wikimedia
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков БАҚ өкілдеріне брифинг өткізіп, "Вагнер" жалдамалы әскерінің бұрынғы басшысы Евгений Пригожиннің қатысуымен болған ұшақ апатын тергеу барысы жөнінде мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Песков Пригожин ұшағының апатқа ұшырау себептері туралы түпкілікті қорытынды жоқ екенін айтты. Ол тергеу нәтижелері туралы баяндаманы күте тұруға шақырды, деп жазды РИА Новости.

Путиннің баспасөз хатшысы қаза тапқандардың денесінен табылған граната жарықшақтары туралы да сөз қозғады.

"Бұл анықталған фактілердің бірі, тергеу жалғасуда". Дмитрий Песков

Ол сондай-ақ Ресейдің ядролық сынақтарды өткізбеу туралы құжатты ратификациялаудан бас тартуы мүмкін екенін айтты. Дмитрий Песков бас тарту мұндай сынақтарды өткізу ниетін білдірмейді деп сендірді.

5 қазанда Ресей президенті Владимир Путин "Валдай" клубында сөз сөйледі.

"Біз ұшақ апаты туралы білеміз, кеше маған Тергеу комитетінің басшысы қаза болғандардың денесінен қолдан жасалған гранаталардың сынықтары табылғанын хабарлады. Ұшаққа ешқандай сыртқы әсер болған жоқ". Владимир Путин

Путиннің айтуынша, апатқа ұшырағандардың қанында алкоголь немесе есірткі бар-жоғына сараптама жасалмаған. Бірақ Ресей президенті ондай сынама жасалуы керек еді деп есептейтінін жеткізді.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз