ЦАХАЛ "Хезболланың" Ливандағы нысандарына тағы соққы жасады

Сурет: Zakon.kz
Израиль қорғаныс күштері (ЦАХАЛ) жаңа соққы жасалғанын хабарлады, деп мәлімдейді Zakon.kz.

"Израиль қорғаныс күштері қазір Ливандағы "Хезболла" лаңкестік нысандарына соққы беріп жатыр", – деп жазды армия өзінің Telegram-каналында.

Израиль қорғаныс күштері Ливаннан тоғыз зымыран ұшырылғанын анықтады, төртеуі ұсталды.

7 қазан күні таңертең Палестиналық ХАМАС қозғалысының әскери қанаты жариялаған "Әл-Ақса тасқыны" операциясы аясында Израиль Газа секторынан бұрын-соңды болмаған ауқымды зымырандық шабуылға ұшырады. Сонымен қатар зымыран шабуылдарынан кейін ұйым жауынгерлері Израильдің оңтүстігіндегі шекаралық аймақтарға еніп кетті. Бұған жауап ретінде Израиль қорғаныс күштері Газа секторында ХАМАС-қа қарсы "Темір қылыштар" операциясын бастады. Шабуылдан кейін бірнеше күн ішінде израильдік әскерилер Газа шекарасына жақын орналасқан барлық елді мекендерді бақылауға алып, аймақтағы нысандарға, соның ішінде бейбіт тұрғындарға әуеден шабуылдай бастады. Сондай-ақ Израиль Газа секторы толық қоршауға алынғанын жариялады: су, азық-түлік, электр қуаты, дәрі-дәрмек және отын жеткізу тоқтатылды.

Газа секторындағы құрбандар саны 3478 адамға жетті, ал израильдіктер арасынан қаза болғандар саны мыңнан асты, екі жақтан да мыңдаған адам жарақат алды.

Түрлі ақпарат көздеріне сүйенсек, ХАМАС 150-ге жуық израильдікті тұтқында ұстап отырған болуы мүмкін. Қозғалыстың өзі Газа секторында 200-250-ге жуық тұтқын бар екенін мәлімдеді.

Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс