Тәртіпсіздік орнаған Махачкала әуежайы қашан ашылады

Сурет: Zakon.kz
Бір күн бұрын, 29 қазанда тәртіпсіздіктер болған Махачкала әуежайы 31 қазанда ашылады. Бұл туралы Ресей Федерациясының әуе көлігі федералдық агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуе көлігінің федералды агенттігі Махачкала әуежайының (Дағыстан) ұшақтарды қабылдау үшін уақытша жабылу мерзімі "әуежайдағы жағдайдың тұрақтандыруына байланысты" 2023 жылғы 31 қазанда сағат 2:59-ға (Астана уақытымен 5:59) дейін жалғасатынын түсіндірді.

"Біз ерекше атап өтеміз: әуежайдың ашылуы құқық қорғау органдары әуе терминалын, аэродромды және оның маңындағы аумақтарды мұқият тексергеннен кейін ғана болады!" – делінген федералды агенттіктің Telegram-каналында жарияланған хабарламада.

2023 жылдың 29 қазанында Махачкалада Тель-Авивтен жолаушыларды іздеп келген жұрт әуежайға басып кірді. Жүздеген адам "еврейлерді табу" үшін әуежайға жиналды.

Ресей
Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз