Қазақстан мен АҚШ сыбайлас жемқорлықпен бірге күресуге ниетті

Сурет: Сыбайлақс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Америка құрама штаттарындағы әріптестерімен жемқорлыққа қарсы күн тәртібі бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Агенттік төрағасы Асхат Жұмағалидің АҚШ мемлекеттік департаментінің Есірткімен халықаралық байланыстар және құқық қорғау органдары бюросының кеңесшісі, Азия аймағында бағдарламалар мен жобаларды енгізу саласындағы сарапшы Кайл Оджимамен кездесуі өтті.

Асхат Жұмағали агенттіктің қызметі және жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар етіп, сонымен қатар америкалық тараптың жемқорлыққа қарсы жобаларды іске асыруда және ілгерілетуде көрсетіп отырған қолдауының маңызын атап өтті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселесін талқылап, қаржылай тергеу, активтерді қайтару, цифрлық қаржы активтерін, криптобиржаларды және басқа да цифрлық платформаларды пайдалана отырып жасалған жемқорлық қылмыстарға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша бірлескен іс-шаралар өткізу туралы уағдаласты.

Кайл Оджима серіктестік қатынастарды одан әрі дамытуға қызығушылық танытып, қол жеткізілген келісімдерді іске асыруда жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

Кездесу соңында америкалық тарап Агенттік делегациясын АҚШ желтоқсанда өтетін БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қатысушы мемлекеттер конференциясының мерейтойлық сессиясына қатысуға шақырды.

АҚШ
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

30 қазандағы доллар, еуро және рубль бағамы: үш қаладағы айырбас курсы

Енді қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

Конституциялық сот тұрғын үй төлемдерін қайта алуға тыйым салуды заңды деп таныды

"Қар жауып, көктайғақ болады". Еліміз бойынша 31 қазанға арналған ауа райы болжамы

"Күндіз жылы, түнде суық болады". Алматы қаласы бойынша алдағы аптаға арналған ауа райы болжамы