Палестиналық босқындарға көмектесу және жұмыстарды ұйымдастыру үшін БҰҰ Таяу Шығыс агенттігінің ақпаратына сай, Газа секторындағы халықтың жағдайы өте күрделі. 2 миллионнан астам адам азық-түлік көмегіне мұқтаж. Осыған орай СІМ өкілі ҚР үкіметі бөлген қаражат біріккен ұлттар ұйымының Таяу шығыс агенттігіне аударылғанын мәлімдеді.
"Батыс Азия, Африка және Таяу Шығыс елдері, атап айтқанда Парсы шығанағы, Араб мемлекеттері ынтымақтастық кеңесі мемлекеттері АҚШ, Еуропалық одақ, Канада, Ұлыбритания, Жапония, Ресей, Қытай, Түркия және басқалары Газа секторындағы және Иордан өзенінің батыс жағалауында зардап шеккен Палестина халқына қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Газа секторындағы апатты гуманитарлық жағдайды ескере отырып, Қазақстан да шетте қалмауға және Палестина халқына 1 миллион АҚШ доллар көлемінде гуманитарлық көмек беру туралы шешім қабылдады. Бұл шешімді Түрік мемлекеттері ұйымының 10-саммиті барысында ҚР президенті жариялады. ҚР үкіметі бөлген қаражат біріккен ұлттар ұйымының Таяу шығыс агенттігіне аударылды. Ұйым палестина халқына 70 жыл бойы төтенше және басқа да көмек көрсететін жұмыстарды ұйымдастырып келеді".Айбек Смадияров