Газа секторында қаза тапқан адамдар саны 10 мыңнан асты

Сурет: pixabay
Газа секторында 7 қазаннан бастап қаза тапқандар саны 10 мыңнан асты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Газа секторында 10 мыңнан астам адамның қаза тапқаны туралы ақпаратпен өңірдің Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасай отырып, Al Jazeera бөлісті.

Times of Israel басылымы 6 қарашада ЦАХАЛ-дың құрлық күштері өткен түнде Газа секторындағы ХАМАС содырларының басты бекіністерін басып алғанын жазды. Армия хабарламасында бұл пункт "Цитадель" деп аталады. Сонымен қатар, Израиль әскери күштері өткен тәулікте ХАМАС-тың бақылау бекеттері, жаттығу лагерлері және жерасты туннельдері орналасқан 450 нүктеге әуеден соққы берген. 

ЦАХАЛ мәліметтері бойынша, жердегі операция мен атыс-шабыс кезінде қозғалыстың бірнеше командирінің көзі жойылды. Олардың арасында ХАМАС арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы Джамал Мұса да бар. 

Газа секторында Израиль армиясының жердегі операциясы өз жалғасын табуда. Израиль билігі қазір Палестина анклавын басқаратын ХАМАС қозғалысын толығымен жоюға ниетті. Израильдің әуе шабуылдарына босқындар лагерлері мен басқа да азаматтық нысандар аракідік ілініп қалып жатыр. ЦАХАЛ ХАМАС содырлары өз нысандарын бейбіт тұрғындар орналасқан маңға әдейі орналастырды деп айыптайды. Әлемдік қауымдастық өз кезегінде Израильдің "күш қолдануына" алаңдаушылық білдіруде. 

Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды