Үндістан билігі тұмшаны кетіру үшін жаңбыр шақыруды жоспарлап отыр

Үндістан астанасы Нью-Делиде түтіннің өте жоғары деңгейі бірнеше күнге созылады. Қалада денсаулыққа қауіп төнгендіктен мектептер жабылып, құрылыс тоқтатылды. Экологиялық жағдайды жақсарту және жиналған түтінді азайту үшін билік жаңбыр жаудыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нью-Делидегі ауаның өте жоғары деңгейде ластануы Үндістан астанасындағы мектептердің жабылуына, студенттерді қашықтан оқу форматына көшіруге, қалада құрылыстың тоқтатылуына әкелді. Сонымен қатар билік көлікті пайдалануға шектеулер енгізуді көздеп отыр. Бұл туралы Reuters жазды.

Бас қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жауын-шашын шақыру шараларын қолға алмақ. Бұл туралы министр мәлімдеді.

"Меніңше, бар шартты ескеріп, барлығының қолдауын алсақ, біз ең болмағанда бірінші пилот жобаны істеп көре аламыз".Нью-Делидің қоршаған ортаны қорғау министрі Гопал Рай

Министрлік жауын-шашын шақыруға күміс йоды сияқты заттарды қолданатын әдісті пайдаланып, бұлт үйіруді көздеп отыр.

Өткен аптаның соңында Делидегі ауа сапасының индексі 500-ге жетті. Бұл – мүмкін болатын ең жоғары көрсеткіш. Қиын жағдайға байланысты билік бұған дейін бастауыш мектептерді жапқан. Дүйсенбі, 6 қарашада Үндістан астанасындағы ауа сапасының индексі орташа есеппен 450 тармақ болды (оңтайлы көрсеткіш 100-ден аспайды). Қаланың кей жерлерінде ластану деңгейі одан да жоғары, көрсеткіш 800 балға жетеді. Түтіннің бұл түрі денсаулыққа нақты қауіп төндіреді және созылмалы ауруларды тудыруы мүмкін.

Молния
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: