Исландия метеорологиялық басқармасының мәліметі бойынша, жұма күні түн ортасынан сенбіде сағат 14:00-ге дейін 800-ге жуық жер тербелісі тіркелді, жер сілкінісі ошағының ең таязы 3-3, 5 шақырым тереңдікте болды.
Бүкіл әлем бойынша жер сілкіністерін тіркейтін Volcanodiscovery сайтында соңғы бір сағат ішінде Исландия аумағында 40-қа жуық жер сілкінісі болғаны хабарланған.
"Жер сілкінісі бұрынғысынан да күш алуы мүмкін және оның қайта-қайта қайталануы жанартаудың атқылауына әкеліп соғуы мүмкін. Алайда магманың жер бетіне жақындауының белгілері әлі байқалған жоқ. Бұл жағы мұқият бақылауда", - деп хабарлады азаматтық қорғау агенттігі.
Сурет: өзге сайттан алынды
Агенттік тұрғындардың қаладан кетуі керек екенін атап өтті.
"Біз тұрғындарды үйлерін тастап, қаладан кетуі керек екенін тағы бір рет ескертеміз. Бірақ бұл шұғыл эвакуация емес, дайындалуға, заттарды жинап, қаладан алаңсыз шығуға жеткілікті уақыт бар екенін тағы бір рет атап өткіміз келеді".
Бұл аймақтағы әлемге әйгілі Көгілдір мүйістегі жерасты ыстық суы сейсмикалық белсенділіктің жалғасуына байланысты жабылды.