Бангладеште жұмысшылар ереуіліне байланысты 130 фабрика жабылды

Сурет: pixabay
Бангладеш астанасы Дакканың маңындағы Савар және Ашулия сынды екі өндірістік орталықта барлығы 130 киім тігетін фабрика жұмысшылардың ереуілінің үздіксіз жалғасуына байланысты белгісіз мерзімге жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жұмысшылар биліктен жалақыны көтеруді талап етуде, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Өнеркәсіптік полиция басқармасының бастығы Мұхаммед Сарвар Алам журналистерге берген сұқбатында жұмысшылардың бір бөлігі әлі де ең төменгі айлық жалақыны 23000 така /209 АҚШ доллары/ деңгейінде белгілеуді талап етіп отырғанын жеткізген. 

"Үкімет жалақыны 56%-ға арттырамын деген уәдесіне жұмысшылар қанағаттанбады, олар ереуілді ары қарай жалғастыруда. Наразылықтар автомобильдер мен зауыттарды бүлдіру, яғни вандализмге, сондай-ақ Дакка мен оның маңында полицейлер мен жұмысшылар арасындағы қақтығыстарға әкеліп соқты", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Дакка маңындағы Газипур округінің Конабаре ауданындағы құқық қорғау органдары мен демонстранттар арасындағы қақтығыстар кезінде тігін фабрикасының қызметкері қаза тапқаны да хабарланады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту: Үкімет кезекті мәлімдемесін жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды