Әлемде алғаш рет сирек кездесетін Шамонда вирусын жұқтырған науқас қайтыс болды
Сурет: pixabay
Бұл туралы бүгін, 22 қазанда Франция Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шамонда – жануарларда жұқпалы ауру тудыратын вирус. Ол Orthobunyavirus туысына және Шмалленберг пен Акабане ауруларының вирустары да кіретін Симбу серотобына жатады. Вирус негізінен Culicoides туысына жататын қан сорғыш шіркейлердің шағуы арқылы таралып, көбіне ірі қара малды зақымдайды. Ол алғаш рет 1960-жылдары Нигерияда анықталған.
Ер адам вирусты Францияның шығысында жәндік шағуы арқылы жұқтырған болуы мүмкін. Бұл өңірде 2026 жылдың көктемі мен жазында мал арасында инфекция өршіген.
Мамандар бұл жағдайдың науқастың иммунитеті қатты әлсіреуіне байланысты ерекше оқиға екенін атап өтті. Олардың мәлімдеуінше, халық денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Бұған дейін Қазақстанда желшешекпен сырқаттану деңгейі төмендегені хабарланған еді. Дегенмен жыл басынан бері ауру жұқтырғандар саны 20 мыңнан асқан. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті ел тұрғындарына маңызды ескерту жасады.