Германияда ер адам күміс монеталардан тұратын ірі көмбе тапты

Германияда ер адам күміс монеталардан тұратын ірі көмбе тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2026 12:04 Сурет: pexels
Әуесқой қазына іздеуші археологтарға Германия аумағынан Рим императоры Адриан билік еткен кезеңге тиесілі ең ірі көмбені табуға көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Daily Galaxy басылымының мәліметінше, Оливер Ридл кезекті қазына іздеу кезінде 15 күміс монета тапқан. Алайда металл іздегіш сигнал беруді тоқтатпаған. Осыдан кейін ер адам археологтарға хабарласып, жағдайды баяндаған.

"Бұл жерде бұдан да үлкен бір нәрсе жасырылғаны маған анық болды", – деді Оливер Ридл.

Оқиға орнына Рейнланд аймағындағы археологиялық ескерткіштерді қорғау басқармасының қызметкерлері келген. Мамандар көмбені бүлдірмей, толықтай қазып алған.

Кейін оның құрамында 934 римдік денарий болғаны анықталды. Монеталармен бірге топырақтан қыш құмыраның сынықтары мен сабан іздері табылған. Археологтардың айтуынша, монеталар бастапқыда ішіне сабан төселген құмыраға салынып, жерге көмілген.

Көмбе ұзақ уақыт аралығын қамтиды. Монеталардың басым бөлігі біздің заманымыздың 69–96 жылдарына жатады. Ал ең соңғысы Рим императоры Адриан билік еткен кезеңде, біздің заманымыздың 124 немесе 125 жылында соғылған.

Мамандар бұл олжаны Германиядағы осындай көмбелердің ішіндегі ең ірісі деп бағалап отыр. Қазіргі уақытта салмағы шамамен 3,1 келі болатын монеталар коллекциясы Бонн қаласындағы музейде көрмеге қойылған.

Ал Чехияның солтүстік-шығысында геологтар қоры 11 тоннаға бағаланған ірі алтын кен орнын анықтаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: