Бұл туралы Сауд Арабиясы сыртқы саяси ведомствосының X (Twitter) желісіндегі ресми аккаунтында ақпарат пайда болды.
Келіп жеткен делегация РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен Газа секторындағы атысты тоқтату және Таяу Шығыстағы жағдайды талқылайды деп күтіледі.
Бұған дейін Фейсал ибн Фархан Әл Сауд Ислам саммитін ұйымдастыруға жауапты комитет өз жұмысына кіріскенін айтқан болатын. Оның міндетіне Газа секторындағы атысты тоқтату жөніндегі іс-қимылдар ұсынымын дайындау жатады. Бұған дейін араб және ислам елдерінің СІМ басшылары Қытайға барып, Қытай Сыртқы істер министрі Ван Имен Палестина-Израиль қақтығысы мәселесін талқылаған болатын.