Израиль мен ХАМАС кепілге алынғандардың үшінші легін айырбастауға дайындалып жатыр

Сурет: freepik
Босатылуыға тиіс үшінші лектің тізімі Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кеңсесіне жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ХАМАС содырлары жексенбі күні тұтқынға алынған палестиналықтардың орнына израильдік тұтқындардың үшінші легін босатуы керек еді.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху кеңсесі босатылатындардың тізімін алғанын хабарлады, деп жазады Agence France-Presse.

Басылымның жазуынша, тізімді қауіпсіздік қызметкерлері тексеріп жатыр.  Кепілге алынғандардың отбасына хабар берілген.

Сенбі күнгі соңғы алмасу ХАМАС Израильді төрт күндік атысты тоқтатуды білдіретін келісімді бұзды деп айыптағаннан кейін бірнеше сағатқа кейінге қалдырылды.

Ресми тұлғалардың сөзінше, дау-дамайға қарамастан, ХАМАС сол күні кешке кепілге алынған 13 израильдік пен төрт тайландтық адамды босатты. Ад Израиль 39 палестиналық тұтқынды босатқанын хабарлады.

Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды