Газа секторындағы уақытша бітім тағы екі күнге ұзартылды

Сурет: pexels
Газа секторындағы Израиль әскерлері мен ХАМАС күштері арасындағы бітім тағы екі күнге ұзартылды. Бұл ақпаратты 2023 жылғы 27 қараша күні Қатар Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Al Jazeera арнасының хабарлауынша, Қатар Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Маджед әл-Ансари "Газа секторындағы гуманитарлық бітімді тағы екі күнге ұзарту туралы келісімге қол жеткізілгенін" растады.

ХАМАС уақытша бітім Қатар және Мысырмен келісім бойынша және бірдей шарттармен ұзартылғанын айтты.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху 26 қарашада АҚШ президенті Джо Байденге Газа секторында күн сайын кепілге алынған 10 адам босатылған жағдайда ХАМАС-пен бітімгершілік келісімнің ұзартылуын "құптайтынын" айтты.

Бұған дейін Израиль әскерлері Газа секторында соғыс қимылдарын қайта бастауға дайындалып жатқаны хабарланған еді.

Палестиналық радикалдар мен Израиль арасындағы кезекті қақтығысы 7 қазан күні ХАМАС содырларының Израиль шекарасындағы елді мекендерге шабуылынан басталды. Шабуыл салдарынан 1,4 мың адам қаза тауып, 200-ден астам адам кепілге алынды. Израиль армиясы Газа секторын жаппай атқылауға кірісті, кейін Палестина анклавында ХАМАС-ты толығымен жою үшін жерүсті операциясын бастады.

Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді