ХАМАС кепілге алынғандардың бесінші легін босатты

Сурет: pixabay
Газа секторында палестиналық ХАМАС қозғалысы кепілге алғандардың бесінші легін Халықаралық Қызыл Крест комитетінің өкілдеріне беру процесі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Әл-Кахира әл-Ихбария" телеарнасының хабарлауынша, "ХАМАС кепілге алған адамдардың тағы бір тобын Халықаралық Қызыл Крест комитетінің өкілдеріне беру басталды". Бұл тараптар арасындағы гуманитарлық бітім күшіне енгеннен бері босатылған адамдардың бесінші легі екені айтылды. Бұл лекке 10 адам іліккен.

Газа секторындағы гуманитарлық үзіліс кезінде кепілге алынған 74 адам босатылды, оның 50-і әйелдер мен балалар, деп мәлімдеді ТАСС. Бұл мәліметті Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху растаған.

"Қазір біз бастапқы жоспар бойынша 74 адамды, оның ішінде 50 балалар мен әйелдерді босаттық. Біз жоспарды толығымен орындап, ұрланған әйелдер мен балаларды, кейінірек барлығын да босатуға қол жеткізуіміз керек", – деді ол Глилот әскери базасына барған кезде.

Палестиналық радикалдар мен Израиль арасындағы кезекті қақтығыс 7 қазанда ХАМАС содырларының Израиль шекарасындағы елді мекендерге шабуылынан басталды. Шабуыл салдарынан 1,4 мың адам қаза тауып, 200-ден астам адам кепілге алынды. Израиль армиясы бұл шабуылға Газа секторын жаппай атқылау арқылы жауап берді және кейін Палестина анклавында ХАМАС-ты толығымен жою үшін жерүсті операциясын бастады. Қайтыс болған палестиналықтардың саны 13 мың адамға жетіп жығылады.

Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды