Киану Ривздің үйіне ұрылар түсті

Сурет: Instagram/keanu.reevesss.official
Лос-Анджелестің құқық қорғау органдары актер Киану Ривздің үйіне ұрылар түскенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

TMZ порталының ақпаратына сәйкес, шаңғы тепкенде киетін масканы таққан қарақшылар үйге баса-көктеп кірген, бірақ полиция келгенге дейін олар жасырынып үлгерген. Бірнеше сағаттан кейін үйдің дабыл белгісі іске қосылып, полиция қызметкерлері актердің үйіне қайта оралған.

Бейнебақылау камерасына түскен кадрдан шаңғы маскасын таққан бірнеше ер адамды байқауға болады.  Қылмыскерлер қару ұрлады, деп нақтылайды портал. Үйді тонау кезінде актер үйінде болмаған.

Киану Ривз көрермендерге "Матрица" және "Джон Уик", сондай-ақ "Менің жеке штатым - Айдахо", "Ібілістің адвокаты "және "Константин: Қараңғылық патшасы" фильмдері арқылы танымал.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі