Прагада университетте атыс болып, бірнеше адам қаза тапты

Сурет: X(Twitter)/@Quantumdeeds_
Қалалық полиция басқармасы Прага қаласының орталығындағы Карлов университетінің философия факультетінде атыс болғанын, салдарынан қаза тапқандар мен жарақат алғандар барын растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция хабарламасы Х желісінде жарияланды.

"Оқиға орнына полиция, дәрігерлер мен өрт сөндірушілер бара жатыр. Бастапқы ақпарат бойынша, оқиға орнында қаза тапқандар мен жаралылар бар", делінген хабарламада.

Әлеуметтік желіде аталған оқиғаның видеосы да тарай бастады, кадр сыртында атылған оқтардың дыбысы естіледі.


Сондай-ақ, Прагада атысты бастаған адамның көзі жойылғаны да айтылады. 

"Оқ атқан адамның көзі жойылды!!! Қазіргі уақытта ғимараттағылардың барлығы эвакуацияланған, ал оқиға орнында бірнеше мәйіт пен оншақты жаралы адам бар", - делінген Чехия полициясының Х әлеуметтік желісіндегі хабарламасында.
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы