Үндістанда табиғи апат салдарынан 35 адам опат болды

Сурет: видеодан алынды
Үндістанның оңтүстігіндегі Тамилнад штатының бас хатшысы Шив Дас Мина осы аптада болған су тасқыны мен нөсер салдарынан кем дегенде 35 адам опат болғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, бірнеше округте қатты жауын-шашын болып, еңіс жерлерді су басып, тас жол және теміржол қатынастары бұзылды. 

Штаттың бас хатшысы қазір зардап шеккен аудандардағы құтқару операциясы аяқталғанын және негізгі қызметтерді қалпына келтіруге баса назар аударылып жатқанын атап өтті.

"175-ке жуық елдімекенде тас жолдар бүлініп, оның 140-ында қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Қалғанында жөндеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Басқа қызметтер, мәселен, сумен қамтамасыз ету де қалпына келтірілуде. Су беру жүйесі толық бұзылған жерлерге суды цистернамен жеткізуді ұйымдастырдық", - деді ол.

Тасқын судан зардап шеккен 50 мыңға жуық адам қауіпсіз орындарға эвакуацияланды. Су тасқыны мен нөсер жаңбыр 3,7 мың лашық пен 170 баспанаға зақым келтірді. Сонымен қатар 183 мың гектар аумақтағы егістікті су басты. Үкіметтік топтар залал шығынын есептеп жатыр.

Тамилнадтағы тасқын ай басында штаттағы Ченнаи мен оған етене жақын орналасқан үш округке төнген "Мичаунг" циклоны салдарынан енді есін жиып жатқанда жағдайды одан сайын қиындатуда. 


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ЦентрКредит Банкі балаларға арналған қаржы сауаттылығы жайлы кітапты клиенттерге тарту етті

Тоқаев: Конституцияны бұзатын әрекеттерге "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес тосқауыл қойылады

Қазақстанның үш туристік нысаны әлемдегі үздік 100 орынның қатарына енді

Президент 24 қарашаға дейін жемқорлықты күрт азайту жөніндегі шараларды ұсынуды тапсырды

Алматы метросындағы жанжал: екі жолаушы жауапқа тартылды