Аустралияда дауылдың салдарынан жеті адам қаза тауып, үш адам із-түзсіз жоғалып кетті

Сурет: pixabay
Аустралияда қатты жел мен нөсер жаңбыр су тасқынына себеп болды. Салдарынан кем дегенде жеті адам қаза тапты. Үш адамның із-түзсіз жоғалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
The Guardian басылымының жазуынша, Аустралия билігі жеті адамның қаза тапқанын растады. Олардың арасында жеті жасар кішкентай қыз да бар, ол коллектордағы суға кетіп қалған. Кейін құтқарушылар оның денесін тапты.

Төтенше жағдайлар министрі Мюррей Уотт әлеуметтік желілерде тұрғындарды сақ болуға шақырды.

Аустралияда соңғы екі күнде, 25 және 26 желтоқсанда қатты жел соғып, бұршақ пен жаңбыр жауып, найзағай ойнады. Жел көптеген үйдің шатырын ұшырып, электр желілерін үзіп кетті. Электр энергиясын жеткізуші компанияның соңғы мәліметтеріне сәйкес, 1,5 мыңнан астам абонент жарықсыз қалған.

Толассыз жауған жаңбыр мен бұршақ су тасқынына әкеп соқтырды. Соның кесірінен өзендер арнасынан асып, қала көшелерін су басты. Ал Виктория штатының өкілі Алистер Дрейтон "күн райы жақсара бастағанын" айтты.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды