Рим папасы су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан азаматтарына жанашырлық білдірді

Сурет: akorda.kz
Рим папасы Франциск 2024 жылдың 10 сәуірінде Әулие Петр алаңында сөйлеген сөзінде Қазақстандағы су тасқынына да тоқтала кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Vaticannews.va "қасиетті әкей соңғы 70 жылда қардың ерте еруінен туындаған ең ауыр су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан тұрғындарына жанашырлық білдірді" деп жазады. Су тасқыны салдарынан 90 мыңға жуық адам тұрып жатқан жерін тастап шығуға мәжбүр болды.


"Біз осы табиғи апаттың салдарынан зардап шеккендер үшін дұға етеміз", ‒ деді Рим папасы.

Айта кетсек, 10 сәуірде Қазақстан үкіметі су тасқынынан зардап шеккендердің көмек алу алгоратимі мен ережелерін жариялады.

Қазақстан
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады