Юрий Гагарин жайлы тың құжат жарияланды

Сурет: wikimedia
12 сәуірде посткеңестік елдерде ғарышкерлер күні атап өтіледі. Мерекеге орай Ресей Қорғаныс министрлігі Юрий Гагарин туралы мұрағаттық құжаттармен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл құжат аға лейтенант Гагарин әуе күштерінің ғарышкерлерді даярлау орталығында болған кезінде берілген қызметтік сипаттама:

"Ақпаратта оның денсаулық жағдайы, тыныш және көңілді сипаты, планетаның алғашқы ғарышкерінің көпшілдігі мен оптимизмі туралы айтылған", – делінген Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінің басылымында.

2009 жылы құпиясыздандырылған сипаттамаға сәйкес, Гагариннің бойы 165 см, салмағы 68 кг. Баскетболда жақсы дәрежеге ие. Жалпы, ғарышкердің физикалық көрсеткіштері жақсы деп сипатталған. Сонымен қатар, оның интеллектуалды дамуы өте жақсы деп бағаланған.

Ғарышкердің жеке сипаттамалары бойынша оны көпшілдігі, оптимистілігі, әзіл-қалжыңды көрете алатындығы айтылған.

Сурет: РФ Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі

Айта кетейік, жер әлемнің алғашқы ғарышкері Юрий Гагариннің туғанына 2024 жылдың 9 наурызында 90 жыл толды.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды