Ресейде көшеде емін-еркін жүрген маймыл айналасына шабуылдап, адамдардың үрейін алды

Сурет: pixabay
18 мамырда Ресейдің Хабаровск өлкесінде үйден қашып кеткен маймыл жергілікті ауыл тұрғындарына шабуыл жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Амур ауданының Мылки ауылында көшеде жүрген маймыл адамдарға шабуылдады. Amur Mash Telegram арнасының хабарлауынша, ол бес адамды, оның ішінде жүкті әйел мен телеарна тілшісін де тістеп алған. Маймыл журналисттің ернінен тістеген. Зардап шеккендердің барлығы медициналық көмекке жүгініп, құтыруға қарсы екпе алуға мәжбүр болды. Ал бір ер адамның еріні тігілді. 


Жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде қашқын маймылдың видеосын жаппай таратқан, бірақ егесі оны іздей қоймаған. Құтқарушылар да оқиға орнына асықпай жеткен. Мұның себебін олар маймылды ұстауға арналған қажетті құрал-жабдықтың жоқтығымен түсіндірген. Жануарларды аулау қызметі телефон тұтқасын мүлде көтермеген. Салдарынан көшені емін-еркін кезген маймыл жергілікті тұрғындардың үрейін алған.

Кешке қарай полиция мен куәгерлер маймылды ұстап, егесі іздестірілген. Гарик есімді маймыл бірнеше жыл бұрын Комсомольск-на-Амур өңіріне жеткізілген. Қожайыны қонақ күтіп жатқандықтан маймылдың сыртқа шығып кеткенін байқамай қалғанын айтыпты. 

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі