Грузия Ресеймен дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіруге ниетті

Сурет: pixabay
16 жылдан бері үзілген Грузия мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастарды қайта қалпына келтіруге "Грузин арманы" партиясы дайындықты бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Mtavari Arkhi телеарнасы мәлімдеді.

Журналистердің айтуынша, Грузияда республиканың Мәскеудегі елшілігінде жұмыс істеу үшін қызметкерлерді іріктеу басталды.

"Кремльге қарай маңызды қадамдар жасап жатқан Грузия үкіметінің басшылары Мәскеуде елшіліктің ашылуы туралы кез-келген ақпаратты таратуды негізсіз деп атайды", – делінген телеарнаның хабарламасында.

Грузия Ресей Федерациясымен 2008 жылдың 3 қыркүйегінде, Мәскеу Оңтүстік Осетия мен Абхазияны мойындағаннан кейін дипломатиялық қатынастарын үзді.

Дипломатиялық қатынастардың жоқтығына қарамастан, елдер арасында тікелей әуе қатынасы, жермен байланыс бар, Ресей мен Грузия азаматтары екі елдің аумағына еркін келіп, бір жыл ішінде сонда бола алады.

12 сәуірде Мемлекет басшысы Грузия Парламентінің төрағасын қабылдады.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі