АҚШ елшілігінің атташесі Киевте қонақ үйден өлі күйінде табылды

Сурет: pixabay
25 маусымда Киевтегі Hilton қонақ үйінде АҚШ елшілігінің атташесі өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Страна.uа" басылымы өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, денеден зорлық-зомбылық іздері табылмағанын жазады. Ер адам Украинаға 15 маусымда келген.

"АҚШ елшілігі ұсынған медициналық көрсетілімдерге сәйкес, ер адамның ағзасында холестерин деңгейі жоғары болып, ол содан зардап шеккен", деп жазады басылым.

2024 жылғы 18 маусымда Киевте қазақстандық журналист Айдос Садықовқа қастандық жасалғаны белгілі болды. 2024 жылғы 19 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Киевте журналист Айдос Садықовқа жасалған қастандыққа қатысты мәлімдеме жасады. Президент біздің қоғамдағы барлық қақтығыс пен келіспеушіліктер негізгі халықаралық нормаларға сәйкес қолданыстағы заңнама негізінде тек құқықтық алаңда шешілуі керектігін айтты. 

БАҚ мәліметтері бойынша, 2014 жылдың наурыз айында ақтөбелік журналистер Айдос пен Наталья Садықовтар Қазақстаннан Украинаға кетіп, онда YouTube және Telegram арналарын құрған. 2023 жылдың қазан айында оларға іздеу жарияланды. Іздестіру ісі Астанада тіркелді, ал оған ҚР ІІМ бастамашы болған. Құзырлы ведомство оның себебін былай түсіндірді: "Уәкілетті орган YouTube-арнада шындыққа сәйкес келмейтін және ұлттық алауыздықты насихаттайтын бейнематериалдарды анықтады".

22 маусымда Бас прокуратура кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты