БҰҰ-ның Бас хатшысы ресми сапармен Өзбекстанға барды

Сурет: Өзбекстан Премьер-министрінің баспасөз қызметі
Бүгін, 30 маусымда БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш Ташкентке ресми сапармен келіп жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ташкент әуежайында жоғары мәртебелі қонақты Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов және басқа да шенеуніктер қарсы алды, деп хабарлады Өзбекстанның Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Антониу Гутерриш екі күндік сапар барысында ел Президенті Шавкат Мирзиеевпен және басқа да шенеуніктермен келіссөздер жүргізетіні де нақтыланады. 

Сондай-ақ Антониу Гутерриш 4 шілдеде Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады. Айта кетсек, БҰҰ-ның Бас хатшысы Орталық Азия елдерінде соңғы рет 2017 жылы болған.

Өзбекстан
БҰҰ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды