Франциядағы парламенттік сайлауда солшылдар жеңіске жетті

Сурет: istockphoto.com
Франция ІІМ Ұлттық ассамблеяның мерзімінен бұрын өткізілген сайлауда "Жаңа халық майданы" солшылдар альянсы жеңіске жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жаңа халық майданы " Францияның Ұлттық ассамблеясында 182 орынға ие болды.

ТАСС мәліметінше, президент Эммануэль Макронның "Біргеміз" коалициясы екінші орынға тұрақтады, оның мүшелері Парламентте 168 орын алады. Үшінші нәтижеге Марин Ле Пеннің "Ұлттық бірлестік" коалициясы ие, олар 143 орынды қамтиды. Дауыс беру қорытындысы бойынша республикашылар партиясы 45 орынға ие болды. Қалған саяси қозғалыстар тағы 39 орынды өзара бөлісіп алды. 

Бұған дейін бірде-бір коалиция Франциядағы парламенттік сайлаудың екінші турының нәтижелері бойынша абсолютті басым дауысқа ие бола алмағаны хабарланған болатын. Франция Премьер-министрі Габриэль Атталь дүйсенбі күні таңертең отставкаға кететінін, бірақ жаңа үкімет құрылғанға дейін жұмысын жалғастыратынын мәлімдеді. Президент бұған дейін парламентті таратып, өз партиясы Еуропарламент сайлауында жеңіліске ұшырағаннан кейін мерзімінен бұрын сайлау өтетінін жариялаған. Бірінші турда Ле Пен мен Барделланың "Ұлттық бірлестігі" 31,4% дауыс жинаса, ал Макронның "Жаңғыру" партиясы тек 14,6% дауыс ала алды.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Қостанайда вагонның төбесіне шыққан жасөспірімді тоқ соқты

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрамының тізімі жарияланды

Алматыда ауыр жол апаты болды. Адамдар зардап шегіп, жеке үй мен электр бағаны да бүлінді