Ұлыбританияда ер адам би үйірмесіндегі балаларға пышақпен шабуыл жасады - 2 бала көз жұмып, 9 бала жараланды

Сурет: Facebook/Merseyside Police Contact Centre
Англияның солтүстік-батысындағы Саутпорт қаласындағы бастауыш сынып оқушыларына арналған би үйірмесіне 17 жастағы жігіт суық қарумен шабуыл жасады, екі бала қандықол қылмыскердің қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sky News жергілікті агенттігі полицияға сілтеме жасап, алты баланың ауыр жарақат алғанын, сондай-ақ, екі ересек адамның зардап шеккенін мәлімдеді.

Мерсисайд округінің полициясының бас констаблі Серена Кеннедидің айтуынша, балалар би мектебінде әнші Тейлор Свифтке арналған іс-шараға қатысқан. Осы уақытта 17 жасар жігіт суық қарумен ғимаратқа кіріп, шабуыл жасады.

"Екі кішкентай бала қайтыс болды. Тағы тоғыз бала жарақат алды, олардың алтауының жағдайы ауыр. Оқиға кезінде алған жарақаттарына байланысты екі ересек адам да ауыр жағдайда",-деді Кеннеди.

Оқиға орнында 11 жәбірленушіге көмек көрсетілді, жараланғандардың барлығы ауруханаларына жіберілді.

Шабуылдаушы ұсталды, дегенмен аты-жөні аталмады.

Қазіргі уақытта полиция шабуылдың себептері анықталмағанымен, оқиғаның терроризммен байланысты емес екендігін мәлімдеп үлгерді.

Бұған дейін Лондонда "Би-би-си"комментаторының әйелі мен қыздарын садақпен атып кеткен болатын.

Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты