Иранның барлау агенттігіндегі өз дереккөзіне сілтеме жасай отырып, Fars агенттігінің хабарлауынша, қауіпсіздік және барлау қызметтері егжей-тегжейлі жүргізілген тергеуді аяқтады:
"Тікұшақ апатының жазатайым оқиға екендігіне толықтай сенім бар. Раиси мінген тікұшақтағы жолаушылар саны нормадан асып кеткен, сондықтан ол қажетті биіктікті игере алмай, қолайсыз ауа райы кезінде тауға соғылған".
Тергеу тікұшақтың қауіпсіздік хаттамаларында көрсетілген көлемнен кем дегенде екі адамға артық адам тасымалдағанын анықтады.
"Иранның арнайы қызметтері Раиси ісі бойынша 30 мың адамнан сұрақ-жауап алды, барлығы тікұшақ апатында адами фактордың жоқтығын көрсетеді", деп атап өтті агенттік.
2024 жылдың 19 мамырында Иран президенті Ибраһим Раисидің тікұшағы апатқа ұшырады.
Ми - 171 борты Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевпен бірге Аракс өзеніндегі Гыз-Каласы бөгетінің ашылу салтанатына қатысып, Парсабад қаласына кері оралған Иран шенеуніктері болған. Тікұшақтың апатқа ұшырауына байланысты ауқымды іздестіру жұмыстары жүргізілді.
20 мамырда таңертең тікұшақ Тавиль аймағынан табылды, бірақ ондағы жолаушылардың ешқайсысы, аман қалмаған, соның ішінде президент Ибраһим Раиси мен Иран СІМ басшысы Хосейн Амир Абдоллахиян да.