Жоғалып кеткен мультимиллионер мен оның қызының денесі суға батқан яхта ішінен табылды

Сурет: pixabay
Жоғалып кеткен британдық кәсіпкер Майкл Линч пен оның қызы Ханнаның денесі Италия жағалауында батып кеткен яхтаның ішінен табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Telegraph-тың хабарлауынша, "Британдық Билл Гейтс" деп атап кеткен Autonomy бағдарламалық шешімдерді әзірлеу компаниясының негізін қалаушы-кәсіпкер дауыл кезінде Сицилия маңында Bayesian кемесі апатқа ұшырағаннан кейін жоғалғандар қатарына жатқызылған.

Оқыс оқиға 2024 жылдың 19 тамызында болды.

"Батып кеткен яхта бөлшектері арасынан табылған екі адамның денесі Майк Линч пен оның қызы Ханнаға тиесілі екендігі расталды", деп жазды басылым.

Яхтаның ішінен тағы екі мәйіт табылды.


Дауыл кезінде апатқа ұшыраған 50 метрлік кеменің бортында 22 адам болғаны белгілі. Олардың көпшілігі - британдық азаматтар. Кеме апатының ықтимал себебі - күтпеген жерден орын алған торнадо. 2024 жылдың 7 тамызында Неаполь жағалауында екі миллиардердің яхтасы соқтығысқан еді. Бұл құны 120 миллион доллар болатын Стив Джобстың жесірінің және құны 125 миллион доллар болатын мексикалық Рикардо Салинас Плиегоның яхталары еді. Құрбандар болған жоқ.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды